19 шілде 2024 15:31

Алматы - Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тапқан

видео кадры

Жетісу облысындағы Сарқанд маңында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Алматы-Өскемен тасжолында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысындағы Сарқанд маңында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Алматы-Өскемен тасжолында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрлардан жеңіл көліктен түк қалмағаны көрінеді: ол қатты майысқан, кейбір бөліктері жол бойында шашылып жатыр.

Жетісу Полиция департаменті мәліметінше, тасжолда Foton жүк көлігі мен Mazda 626 көлігі соқтығысқан.

Реклама
Реклама

"Соқтығыс салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram