Алматы-Өскемен тасжолындағы құбырдың шайылу дерегіне қатысты қызметтік тексеріс басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы-Өскемен тасжолындағы құбырдың шайылу дерегіне қатысты қызметтік тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы-Өскемен тасжолындағы құбырдың шайылу дерегіне қатысты қызметтік тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ Алматы-Өскемен тасжолындағы құбырдың шайылу дерегіне қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеуге бастамашылық жасады. Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Құқықбұзушылық дерегі анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады.

Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалған. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласы "Каздорпроект" ЖШС әзірледі және "ҚазАвтоЖол" филиалы - "Құрылыс дирекциясы", "ГК Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты", - делінген хабарламада.

Мұндай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдерінде тексеріс жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Учаске әлі де жабық, қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная