17 шілде 2020 | 12:11

Алматы паркінде самокат пен велосипед тебуге тыйым салынды

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұраталиев Тұңғыш Президент паркінде самокат пен велосипед тебуге неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұраталиев Тұңғыш Президент паркінде самокат пен велосипед тебуге неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде rozysk_kz парақшасындағы тікелей эфир кезінде әкімшілік полиция басқармасының басшысына Тұңғыш Президент паркінде самокат пен велосипед тебуге неге тыйым салынғаны туралы сұрақ қойылған.  

Реклама
Реклама

"Бұл аумақ көлік жүретін бөлік емес және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар санатына жатпайды. Сондықтан, бұйрықты аудан әкімдігі немесе қызмет көрсету ұйымы белгілейді. Шектеу балалар мен басқа жаяу жүргіншілерді самокатпен құлатып кету сияқты жазатайым оқиғаларға байланысты енгізілді.

Менің де есімде. Осыған байланысты велосипед жолы алынып тасталды. Қазіргі уақытта электрсамокаттар жылдамдығы сағатына 30-40 шақырымға жүретінін білесіздер. Қатты айдаған кезде жаяу жүргінші не жүргізушінің өзі зардап шегуі мүмкін", - деп жауап берді Жандос Мұраталиев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная