ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2020 | 15:25
Алматы полицейлері Үлкен Алматы көлінде жоғалып кеткен шетелдікті тапты
Алматы полицейлері Үлкен Алматы көлінде жоғалып кеткен шетел азаматын тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полицейлері Үлкен Алматы көлінде жоғалып кеткен шетел азаматын тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтарда Алматы ПД ЖБО-ға 45 жастағы Түркия азаматы көлігімен Үлкен Алматы көліне қарай серуенге шығып, сол уақыттан бері байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оның қайдан екенін анықтау үшін бірден іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Іздестіру барысында Toyota RAV-4 маркалы автокөлігі ҮАК жанындағы жол жиегінде жабық күйде табылды. Ішінде ешкім болмаған. Бүгін, 18 қаңтарда таңғы сағат 11-те полицейлер көліктен үш шақырым жерден шетелдік азаматты тапты, ол аман-есен, бірақ үсік белгілері байқалады. Ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
Ер адам серуендеп болған соң көлігі қарға тұрып, артқа шыға алмай қалған. Өзінің әрекеттері сәтсіз болғандықтан, көмек іздеуге жаяу шыққан, бірақ адасып кеткен екен.
Показать комментарии
Читайте также