ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2022 | 14:23
Алматы полиция басқармасы басшысының орынбасары қайтыс болды
Алматыда жоғары лауазымды полицей қайтыс болды. Ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жоғары лауазымды полицей қайтыс болды. Ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Танат Назановта инфаркт болған.
"Ол жұмыс орнында мерт болды", - дейді Алматы ПД өкілдері.
Танат Назанов өмір бойы жедел бөлімшелерде қызмет еткен, ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес басқармасын басқарған.
Еске салайық, бүгін Жамбыл облысы полициясының басшысы Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны мәлім болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также