26 ақпан 2022 | 13:08

Алматы полициясы автобустарды тексеріп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарын шаһардың жол жағдайында автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырылды.

"Осылайша, біз жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің көлік және еңбек тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерін алдын алу, сондай-ақ, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуді көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық альянс өкілдері де барынша жұмылдырылған", - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек

Реклама
Реклама

Полицияда қабылданған шараларға қарамастан, автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол апатына жиі ұшырайтыны атап өтілді. Бір айдың өзінде автобус жүргізушілерінің кінәсінен 35 жол апаты болған, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная