Алматы полициясы босанған әйелдің өліміне қатысты пікір білдірді

Алматы полициясы босанған әйелдің өліміне қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Алматы ішкі істер департаментінің өкілдері босанған әйел мен жаңа туған сәбидің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ішкі істер департаментінің өкілдері босанған әйел мен жаңа туған сәбидің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы жылдың тамыз айында Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қызметкерлеріне қатысты босанған әйел мен оның жаңа туған сәбиінің қайтыс болу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру актісі түсті. Бұл дерек бірден Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта бұл деректі Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеп жатыр. Қажет сараптамалық зерттеулер тағайындалды", - деді полициядағылар.

Еске салайық, мұның алдында әйелі мен жаңа туған баласынан айырылған ер адам Алматы Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігерлерін айыптап, оларды жауапкершілікке тартуды талап еткен болатын. Оның айтуынша, жоспардан тыс сараптама 10-нан аса ережебұзушылықты көрсеткен.

Реклама
Реклама

Кейін орталықтың төрайымы Динара Мирзахметова бұл іс бойынша тергеу әлі аяқталмағанын айтқан еді. Сондай-ақ, ол әйелдің босануына қатысқан дәрігерлер орталықта жұмыс істемейтінін айтып өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама