16 сәуір 2020 16:10

Алматы полициясы жастықпен фотоға түскен ер адамның суретіне қатысты қызметтік тергеу бастады

Алматы қаласының полиция департаменті жастықпен фотоға түскен ер адамға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының полиция департаменті жастықпен фотоға түскен ер адамға қатысты қызметтік тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде айнаның алдында денесін жасыл түсті жастықпен жапқан ер адамның суреті таралды. Жарияланған хабарламала ер адамның Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары екені айтылады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталды, тексеріс қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Денесін жастықпен жапқан танымал блогерлер челлендж бастады

Айта кетейік, Instagram қолданушылары арасында #QuarantinePillowChallenge, қазақшалағанда "Жастық челлендж" кең тарап кетті. Қыз-келіншектер жастықтан көйлек жасап, киімін сәнді әшекеймен әсемдеп, карантин кезіндегі суреттерін парақшасына жүктеп жатыр. Жастықты денеге бекіту оп-оңай, оған қалың белдік қана керек. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram