07 қараша 2019 | 09:21

Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

© kolesa.kz

Алматы полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасы автомобильшілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасы автомобильшілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауа райының нашарлауына және жауын-шашын түрінде қар, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүргізушілерге және көлік құралдарының иелеріне өз көлік құралдарында дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді.

Реклама
Реклама

Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 8-қосымшасының 5.5-тармағына сәйкес жазғы кезеңде (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы шинамен жинақталған Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл ретте, қысқы шиналар көлік құралының барлық доңғалағына орнатылады", - дейді полиция өкілдері.

Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан кейін аталған талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-тармағына сәйкес 5 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны айтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная