22 қазан 2021 12:19

Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматы полициясына 22 қазанда таңертеңнен бері жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясына 22 қазанда таңертеңнен бері жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда бүгін, 22 қазанда қар жауып, ауа райы күрт нашарлап кетті. Салдарынан жолдарда жазатайым оқиғалар көбейіп, әлеуметтік желілерде жол апаты туралы деректер жарияланып жатыр.

Реклама
Реклама

Алматы полициясы жүргізушілерді ауа райы қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шарасын күшейтуге шақырды.

"Үндеу қауіп жоғары көлік құралын пайдаланатын қала жүргізушілеріне арналған. Оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және ұқыптылықты арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өзекті және жол апатының алдын алуға көмектеседі", - деді Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында таңғы сағат 7-де ұшақ жеңіл көлікпен соқтығысқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram