Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. 10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген түрде қызмет етеді. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды. "Қылмысқа мүлдем төзбеушілік" қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полиция, сонымен қатар көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр.

"Сондай-ақ, азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдарды тексеру жүргізіліп жатыр. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, ұрлықпен және т.б. айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама