Алматы полициясы қылмыстық тосынсый табылған пәтерден видео жариялады

видео кадры

Тағы бір шағын АТС Ақсай шағын ауданындағы үйлердің бірінен анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы бір шағын АТС Ақсай шағын ауданындағы үйлердің бірінен анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Прокуратураның үйлестіруімен жедел қызметкерлер арнайы жалға алынған үйде интернет алаяқтарына көмектескен 20 жастағы жігітті анықтады.

"Күдіктінің функционалдық міндеттеріне SIM-қорап жабдығын орнату және үздіксіз жұмыс істеуін бақылау кіретіні, олардың көмегімен өздерін отандық телефон абоненттері ретінде таныстырған алаяқтар әлеуетті жәбірленушілерге қоңырау шалғаны белгілі болды. Қылмыстық техника тәркіленді. Ұсталған азамат заңсыз әрекетін мойындады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттік сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам қамауға алынды.

Алматы полициясы интернет-алаяқтардың әрекетін тағы да еске салып, азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырады.

Келесі қарапайым ережелерді қатаң сақтаңыз:

  • жеке деректеріңізді немесе пластикалық карта деректерін ешкімге айтпаңыз;
  • аударым түбіртектерін ешкімге бермеңіз;
  • кодтар мен кодтық сөздерді ешкімге, тіпті банк қызметкерімін немесе құқық қорғау органының қызметкерімін дейтін адамдарға да айтпаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная