ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2024 | 15:42
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда күн сайын 2 мыңнан аса полиция қызметкері құқықтық тәртіпті қорғайды.
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді", - делінген хабарламада.
Осыған орай ПД-ның басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонына бірыңғай саптүзеу өткізді.
Сондай-ақ, Алматы полициясының басшысы Ішкі істер министрлігінің қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу жөніндегі басым тұжырымдамаларының бірін жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Тексеру барысында алдыңғы шептегі бөлімшелердің киімі мен техникалық құралдары тексерілді. Ал жоғары нәтиже көрсеткен полиция қызметкерлерін ПД басшылығы марапаттады.
Сондай-ақ, Алматы полиция гарнизонының саптүзеуінде 20-дан астам тәртіп сақшысы алғашқы офицерлік шендерін алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также