13 маусым 2019 | 10:57

Алматы полициясы митингіге шыққаны үшін өкінгендер жайлы айтты

Камила Долаева Журналист

Алматы полициясы митингіге шыққаны үшін өкінгендер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы митингіге шыққаны үшін өкінгендер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылар рұқсат етілмеген акцияларға қатысқандарға қатысты мәліметтердің анықталғанын хабарлады. Митингіге қатысқандардың жартысы басқа қаладан келгендер болып шықты.

Реклама
Реклама

"Құқықбұзушылық жасап, жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға құқықтық баға берілді. Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полициядағылар.

"Мен "Оян, қазақ" тобының ұйымдастырушысымын. Онда адамдарды митингілерге шығуға, жаппай тәртіпсіздік жасауға шақырдым, енді қазір сол ісіме қатты өкінемін. Олай болмайды. Барлығын заң бойынша шешу керек", - деді Алматыда митингіге шыққандардың бірі.

Бас прокуратура митингілер жайлы: Күш қолдануға итермелеушілер бар

Ол жастарды арандатушылықтардан аулақ болып, тәртіпсіздік жасамауға шақырды.

"Халыққа митингіге шығып, барлығының күл-талқанын шығаруға кеңес бердім. Бірақ мен ол үшін жауапкершілікке тартылатынымызды түсінбедім. Қатты қателестім", - дейді ол.

Еске салайық, кеше, 12 маусымда Алматы орталығында митинг ұйымдастырмақ болған бірнеше адамның ұсталғаны жайлы хабарланған болатын.


© Tengrinews.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная