12 мамыр 2020 09:50

Алматы полициясы неліктен 500 қорғаныш костюмін 125 миллион теңгеге сатып алғанын түсіндірді

© Әлихан Сариев

Алматы полиция департаменті неліктен 500 қорғаныш костюмін 125 миллион теңгеге сатып алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полиция департаменті неліктен 500 қорғаныш костюмін 125 миллион теңгеге сатып алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Алматы қаласы полиция департаментінің карантин кезінде жұмылған қызметкерлерге 500 Л-1 қорғаныш костюмдерін сатып алғаны хабарланды. Бір костюмнің бағасы - 250 мың теңге.

Реклама
Реклама

"Осы күнге дейін сатып алуларға қатыспаған компаниямен 125 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Ал satu.kz сайтында бұл костюмдердің бағасы 12-60 мың теңге аралығында", - делінген Instagram желісінде жарияланған жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PROTENGE (@protenge.kz) 11 Май 2020 в 6:28 PDT

Полиция департаментіндегілердің айтуынша, наурызда төтенше жағдай режимі жарияланған соң полицейлерге қорғаныш заттарын алу керек болды. Бірнеше компанияның ұсыныстары мен бағасы зерттелген.

"Ең аз деген соманы ұсынған компаниямен 4 мамырда келісімшарт жасалды. Онда тауар сипаттамасына және бағасына сай болмаған жағдайда полиция департаментінің бұл келісімшартты бұзуға құқығы бары туралы бөлек тармақ бар. 

6 мамырда полиция департаментіне костюмдердің үлгісі жеткізілді. Алматы қаласының полиция департаменті тауарды көріп, зерттеу, оның бағасына сай емес екеніне көзі жетіп, жазбаша түрде келісімшартты бұзатынын көрсетті", - дейді департаменттегілер.

Ведомство мәліметінше, 11 мамырда келісімшарт күшін жойды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram