ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2018 | 21:47
Алматы полициясындағы төтенше жағдай: Қызметкер өз туысын атқан
Алматыда полицей өз әріптесіне оқ атқан төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Жергілікті полиция қызметінің өз әріптесін оқ атқан инспектор өзінің жақын туысы екені белгілі болды. Олардың арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Оқиға жергілікті полиция қызметің территориясында болған. Олар нарядқа бірге түскен, қару алған және біреуі қылмысқа баруды ойластырған: табельдік қарудан өзінің жақын адамына оқ атқан", - деді Алмас Сәдубаев.
Еске салайық, Алматыда жергілікті полиция қызметінің инспекторы өз әріптесіне оқ атты.
Показать комментарии
Читайте также