14 шілде 2023 | 17:15

Алматы іргесінде "Алтын-Орда" базары маңындағы жолайрық құрылысы аяқталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ұсынған

Алматы іргесіндегі "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің маңындағы жолайрық құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы іргесіндегі "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің маңындағы жолайрық құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бұл жол өтпесі 2018 жылы салына бастаған.

Реклама
Реклама

"Асыл арман" тұрғын үй кешенінен шыға берістегі жолдың бойында қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындарының қалаға және Алматы - Бішкек республикалық автожолына "құбыр" түріндегі жолайрығы бойынша кедергісіз шығуы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жол белгілері орнатылды", -деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Нысан осы жылдың күзінде жұмыстар аяқталған соң пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Алтын Орда маңындағы жолайрық пен 10 жолақты тасжол 2017 жылдың күзінде салына бастаған болатын. 2021 жылдың 25 желтоқсанында Алматыдағы "Алтын Орда" базарының жанындағы үлкен жол айырығында көліктер қозғалысы ашылды. Алайда, ол кезде "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің жанындағы шығатын жол өткелі мен Райымбек ауылының жанындағы биіктіктегі жаяу жүргіншілер өткелі аяқталмай қалған болатын. 2022 жылдың ақпанында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мердігермен келісімшартты бұзуға мәжбүр болғанын хабарлады. Жолайрықты басқа мердігер компания аяқтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная