15 наурыз 2023 | 13:19

Алматы іргесіндегі елді мекенде тұрғындардың шағымынан кейін газ тарифі төмендеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы іргесіндегі елді мекен тұрғындарының шағымынан кейін газ тарифі төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы іргесіндегі елді мекен тұрғындарының шағымынан кейін газ тарифі төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін, Алматы облысының Қарасай ауданы тұрғындарының тауарлық газға бөлшек саудада өткізудің жоғары бағалары қатысты "Сигма-ГАЗ" ЖШС-ның іс-әрекеттеріне шағымдары аясында, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 17 қаңтарға дейінгі кезеңде аталған субъектінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізгені хабарланған болатын.

"Аталған тексеріс барысында, ТМРКД тауарлық газды тасымалдау бойынша тарифтердің негізділігін, сондай-ақ тұтынушылар үшін тауарлық газды сатуға арналған бөлшек бағалардың баға белгілеу тәртібінің сақталуын тексерді.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша, ТМРКД "Сигма-ГАЗ" ЖШС-на жалпы сомасы 2 млн.теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері мен бағаларын қайта қарау үшін уәкілетті органға өтінімдермен жүгінуге ұсыныс берді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осылайша, биыл ақпанда "Сигма-ГАЗ" ЖШС ТМРКД-ға газ тасымалдау тарифін және тауарлық газдың бөлшек сауда бағасын қайта қарауға өтінімдер ұсынды, олар бойынша наурыздың басында барлық мүдделі тұлғалардың, оның ішінде тұтынушылардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізілді.

""Сигма-ГАЗ" ЖШС-ның өтінімдердегі шығындарының баптарын мұқият талдау нәтижесінде, Алматы облысы бойынша ТМРКД 2023 жылғы 10 наурызда тауарлық газды газ тарату құбырлары арқылы тасымалдауға арналған тарифті немесе 57,04 пайызға төмендетті.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 10 наурыздағы ТМРКД-ның дәлелді қорытындысымен жабдықтау үстемесі және негізделген шекті баға 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіле отырып, 28 945,22 теңге (ҚҚС-пен) мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша бекітілді:

- тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 28 945,22-ге дейін, төмендеу 16,7 пайызды немесе 5 810,28 теңгені құрады;

– басқа заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар-34 755,5-ден 32 106,15-ге дейін, төмендеу 7,6 пайызды немесе 2 649,35 теңгені құрады;

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 23 156,18-ге дейін, төмендеу 33,37 пайызды немесе 11 599,32 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтардың тарифтері мен бағаларын қалыптастырудың ашықтығы мен айқындығын қосымша атап өтетінін, олардың бекітілуі ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная