Алматы іргесіндегі полигон үшінші күн қатарынан өртеніп жатыр: басқа өңірден өртсөндірушілер келді

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы іргесіндегі полигон үшінші күн қатарынан өртеніп жатыр: басқа өңірден өртсөндірушілер келді видео кадры

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше кешке оқиға орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді.

"Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб, өрт сөндіретін 6 учаске құрылды. Өртті сөндіруге 11 өрт оқпаны және 1 лафет оқпан берілді. Өртті сөндіру жұмыстарына 10 метр тереңдіктегі бықсу және жел бағыты өзгеруі қиындық туғызып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері қосымша жұмылдырылған. Барлығы 200-ден аса жеке құрам мен 90-нан аса техника бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматы - Өскемен тасжолының 35-шақырымында, Алатау ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққаны хабарланды. Өртсөндірушілер тілсіз жаумен үш күннен бері күресіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама