23 наурыз 2023 15:17

Алматы сауда орталығында балалар ойын автобусын ұрлап, қабырғаны бұзған

Видеодан алынған кадр

Алматыдағы MEGA сауда ойын-сауық орталығында балалар автобус шыныдан жасалған қабырғаға соқтығысқан. Автобусты кәмелетке толмағандар ұрлап кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Реклама
Реклама

Сауда орталығындағы балалар автобусы кофехананың әйнекті қабырғасына соқтығысып, оны сындырған. MEGA сауда орталығының ішінде орналасқан мекеменің орындықтарына әйнек сынықары шашыраған.

Сауда орталығының баспасөз қызметі өкілдері оқиғаның 22 наурызда кешке болғанын хабарлады.

"Техникалық үзіліс кезінде аттракцион жабылған кезде кәмелетке толмаған балалар автобусты айдап, кофеханаға соққан. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда автобустың қызметі қосымша шаралар енгізілгенге дейін тоқтатылды", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram