17 ақпан 2021 17:23

"Алматы шағынаудандары батпаққа батып жатыр" - Сағынтаев шағымдарға жауап берді

Видеодан алынған кадр

Алматылықтар балшыққа батып жатқан шағынаудандардың видеосын Желіге жүктеп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, жедел жәрдем мен басқа да көліктер балшыққа батып, шыға алмайды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау мен Наурызбай аудандарындағы жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеолардың бірінде Алатау ауданы көрсетілген. Адамдардың айтуынша, мұндай балшықпен дүкен мен емханаларға баруға мәжбүр.

"Балалар жерге құлайды", - дейді видео сипаттамасында. 

Реклама
Реклама

Алғабас тұрғындары да шағымданды.

Алғабаста түсірілген тағы бір видеода жедел жәрдем көлігі балшықта тұрып қалған. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде аудандардағы жағдайға түсінік берді.

"Біз былтыр жыл соңында су құбыры мен су тарту жұмыстарын аяқтадық, ал қыс мезгілінде асфальт төсей алмаймыз. Биыл қыс, ақпан өте жылы. Бетон зауыттары әлі жұмыс істемейді, яғни әлі бастай алмаймыз. Наурыздың ортасында асфальттау басталады. Ақша бар, мердігерлер жұмысын күтіп отыр. Бірақ олар да материалсыз бастай алмайды. Асфальт болмаса, немен жасайды? Түсініп қарауларыңызды өтінемін. Наурызбай ауданында да солай. Осы маусымды өту үшін қиыршық тас төгіп жатырмыз", - деп жауап берді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram