05 сәуір 2023 15:24

Алматы тауларында блокбекеттер орнатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматы маңындағы тау беткейлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматы маңындағы тау беткейлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ТЖД көшкін қаупі туралы № 13 ескерту негізінде: 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі сақталады.

Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Аюсай шатқалындағы сарқырамаға адамдардың өтуіне жол бермеу үшін Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері арасынан Аюсай бөгеті алдына пост орнатылды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, блокбекет Шымбұлақ маңындағы қар көшкіні қаупі бар аймаққа орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram