17 сәуір 2022 | 08:44

Алматы тауларында жарақаттанған жасөспірім құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Алматы құтқару қызметі.

109 қызметінің құтқарушылары Кіші Алматы шатқалынан 14 жастағы туристті эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

109 қызметінің құтқарушылары Кіші Алматы шатқалынан 14 жастағы туристті эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы құтқару қызметі" баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім Мохнатка тауының маңына демалысқа шыққан топтың ішінде болған. Көтерілу кезінде ол тізесін жарақаттап, әрі қарай қозғала алмаған.

"Тауда жарақаттанған жасөспірім туралы мәліметті Алматы қаласының Құтқару қызметіне қалалық ТЖД кезекшісі 16 сағат 25 минутта хабарлады. Тау базасындағы құтқарушылардың экипажы бірден Кіші Алматы шатқалына аттанды. Тізеден жарақат алған зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілген соң, ол таудың төменгі жағында күтіп тұрған ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлеріне тапсырылды. Жарақат алған балаға дәрігерлік көмек көрсетіліп, оған стационарлық емнің қажет емес екендігі анықталды", - делінген қалалық құтқару қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная