Алматы тауларында жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматыда үш күннен бері 2007 жылы туған жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда үш күннен бері 2007 жылы туған жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, 6 шілдеде сағат 11:46-да полиция қызметкерінен А. есімді азаматтың інісі - 2007 жылы туған А.Н. 2 шілдеде тауға шығып, үйге оралмағаны туралы хабар түскен.

Хабарлама түскен сәттен бастап, авиация, 109 Құтқару қызметі, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, Шекара қызметі мен полиция департаментінің 44 қызметкері мен құтқарушысы, 8 техника, 4 кинологиялық есеп, 3 дрон және еріктілер жұмылдырылғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Іздестіру жұмыстары Алматы қаласы ТЖД-ның "Аюсай" визит-орталығындағы жедел штабтан жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында із-түссіз кеткен баланың 10 туысы да бар", - делінген хабарламада.

Іздеу үш бағытта жүргізіліп жатқаны айтылды:

  • Космостанциядан Үлкен Алматы көліне дейінгі бағыт, жоталарды шолу;
  • Алмаарасан және Аюсай бағытындағы беткейлерді тексеру;
  • Космостанциядан шекара бекетіне дейінгі сол және оң жақ беткейлерді шолу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама