ПОДЕЛИТЬСЯ
14 желтоқсан 2020 | 13:18
Алматы тауларында жоғалған ер адамның қалыңдығы оқиғаның мән-жайын айтып берді
Алматы тауларында жоғалған ер адамның қалыңдығы Анар Лебаева оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тауларында жоғалған ер адамның қалыңдығы Анар Лебаева оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық осыдан 3 күн бұрын тауға шығып, жоғалып кеткен еді. Құтқарушылар оны таба алмай жатыр.
Анар Лебаеваның айтуынша, 12 желтоқсанда таңертең сағат 7.00-де Ерман Байменов Титов шыңын бағындыруға шыққан. Ол шыңға шығып, кейін артқа қайтқан.
"Ерман тауға қалай шығу керегін, әрі маршруттарды білетін. Алайда осы жолы ауа райы қолайсыз болуынан және тұман салдарынан жол көрінбеді. Сондықтан қараңғы түскенге дейін ол таудан түсіп үлгермей жоғалып кетті. Сағат 18.47-де ол ТЖМ құтқарушыларын шақырды. Ерман құтқарушылар оған бара жатқанын айтты", - дейді ол.
Лебаева құтқарушылар түнде оны іздегенін де атап өтті.
"Ерман оларға координат жіберді. Құтқарушылар оның қайда екенін анықтады. Бұл шамамен түні сағат 23:30-да болды. Ол бізге "Олар мені тапты" деді. Кейін біз сабырға келгендей болдық. Алайда құтқарушылар таудың басқа жағынан келген сияқты. Мен ол жағын нақты білмеймін", - дейді Ерман Байменовтың қалыңдығы.
Оның айтуынша, белгілі бір жағдайларға байланысты құтқарушылар Ерманға бара алмаған.
"Кейін олар кетіп қалды. Құтқарушылар таң атқанға дейін оралғысы келген шығар. Оларда қандай кедергі болғанын білмеймін. Тұман, айналаның қараңғы болуы себеп болған шығар. Ештеңе көрінген жоқ қой. Мұндай жағдайда іздестіру жұмысын жүргізу мүмкін емес. Себебі, бұл қауіпті аймақ. Осы уақытта Ерман маған дауыстық хабарлама жіберіп отырды. Ол телефонының қуатын үнемдеу үшін оны өшіріп қойды", - дейді Анар Лебаева.
Ол қандай да бір көмек көрсеткісі келетіндермен мына нөмір бойынша хабарласуды сұрайды: +7 707 881 1408.
Еске салайық, мұның алдында Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адамның осымен үшінші тәулік іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Дереккөз мәліметінше, 12 желтоқсанда құтқарушыларға тауда ер адамның жоғалып кеткені туралы мәлімет түскен. Ақпаратқа сәйкес, Титов өзені аумағында алматылық жоғалып кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также