ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2022 | 12:08
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы облысының құтқарушылары облыс тұрғындарын қар басқан беткейлерге шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының құтқарушылары облыс тұрғындарын қар басқан беткейлерге шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-4 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.
"Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің болуына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.
Алматы облысының аумағында 109 көшкін қаупі бар учаскелер бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан және Ескелді аудандарында, сондай-ақ Текелі қаласында, Іле-Алатау жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауының солтүстік жотасында орналасқан", - деп хабарлады ТЖД.
Қар көшкіні негізінен, температураның жоғарылауынан және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуінен болатыны атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также