11 желтоқсан 2023 | 09:37

Алматы тауларында тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Алматы әкімдігі ұсынған видео

Алматыда сот шешімі бойынша Khan тұрғын үй кешені сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда сот шешімі бойынша Khan тұрғын үй кешені сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз тұрғын үй кешенін сүрудің басталғаны туралы хабарлады.

Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы аясында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмейтін салынып жатқан 52 нысан анықталды. Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан Khan тұрғын үй кешені.

Реклама
Реклама

"Бұл нысанды "Tennis.kz" ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етпеген.

Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ биыл 28 сәуірде Алматы қаласының СМЭС-на кешенді сүру жөнінде талап арыз берді", - делінген хабарламада.

Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен объектіні бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Заңсыз объектіні бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

"Айта кетерлігі, тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная