15 маусым 2020 14:57

Алматы тауларында тоғыз турист құтқарылды

Видеодан алынған кадр

Алматы құтқарушылары туристерді тауға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы құтқарушылары туристерді тауға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметі бойынша, өткен жексенбінің өзінде құтқарушылар адамдарды үш рет қауіптен шығарған.

Реклама
Реклама

Құтқару операцияларының бірі Талғар асуының маңында түстен кейін болған. Сол жерде бұғанасы шығып кеткен 31 жастағы әйел құтқарылды. 

Сол күні құтқарушылар кешке адасып кеткен үш алматылықты Букреев шыңынан (теңіз деңгейінен үш мың метрден астам) қалаға дейін шығарып салды.

Тағы бір аяғын жаралап алған әуесқой өткен түнде Панорама шыңына жақын жерден табылды. Бес турист шыңға бара жатып, жолдан адасып кеткен. Күрделі тау рельефі жағдайында өткен құтқару шарасы таңға жақын аяқталды. Эвакуациялау барысында барлық зардап шеккен адамға ауруханаға дейінгі қажетті медициналық көмек көрсетілді.

"109" қызметінің ақпараты бойынша, өткен демалыс күндері Алматы маңындағы тауларда қиын жағдайда қалған тоғыз туристке көмек қажет болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram