Алматы тауларында үш жігіт құтқарылды

Алматы тауларында үш жігіт құтқарылды Бейнеден кадрлар

Алматы тауларында құтқарушылар Сәтбаев шыңынан 4317 метр биіктіктен үш жігітті эвакуациялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Алматы тауларында құтқарушылар Сәтбаев шыңынан 4317 метр биіктіктен үш жігітті эвакуациялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

18 және 19 жастағы жігіттер шыңға шыққаннан кейін төменге өз беттерімен түсе алмаған.

Жарнама
Жарнама

"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Күрделі тау рельефі мен кешкі уақытқа қарамастан, олар жасөспірімдерді жылдам тауып, қауіпсіз жерге түсуіне көмектесті", - делінген ведомство хабарламасында.

Жігіттер экобекетке аман-есен жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Осыдан бірнеше күн бұрын құтқарушылар дәл осы шыңда түнгі құтқару операциясын жүргізген болатын: ол кезде екі жас жігіт 4000 метрден астам биіктіктен өз беттерімен түсе алмаған еді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама