Алматы тұрғындары Досаевқа құрылыс салушыларға қатысты шағымын айтты

Фото: Алматы әкімдігі

Ерболат Досаев Алматыда мемлекеттік тапсырыс алған әрбір үшінші құрылыс салушы адал емес жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерболат Досаев Алматыда мемлекеттік тапсырыс алған әрбір үшінші құрылыс салушы адал емес жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімімен өткен жиында Алатау ауданының тұрғыны құрылыс салушының сапасыз жұмысына, соның салдарынан тұрғын үйде мін пайда болғанына шағымданды.

"Менің ойымша, мемлекеттік тапсырысты алған әрбір үшінші құрылыс салушы адал емес жұмыс істейді. Сапа туралы айтатын болсақ, құрылыс салушыларға қарсы 30-ға жуық талап-арыз сотта жатыр. Бірақ ақшаны қайтару керек, бұл ең қиыны. Көптеген компания қаржы тапшылығынан жабылды. Сот шешімі бойынша, оларды мемлекеттік байқауларға жібере алмаймыз", - деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Досаев бұған дейін Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізуге жыл аяғына дейін мораторий енгізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама