ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2020 | 11:43
Алматы тұрғындары көлік кептелісіне шағымданып жатыр
Алматы тұрғындары бірнеше шақырымға созылған көлік кептелесіне шағымданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғындары бірнеше шақырымға созылған көлік кептелесіне шағымданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы мен қаланың шекарасындағы бекетте бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болған.
Алматы тұрғыны Маргарита Говорухинаның айтуынша, ол отбасымен бірге Алматы облысында орналасқан саяжайына барған. Ол қалаға кіре алмай тұрғанына ашулы. Көлік кептелісіне тұрғанына 6 сағат болыпты.
"Жексенбіде кешке саяжайдан қалаға аттандық. Саяжайымыз қаладан алыс емес. Көлік кептелісінде 2 сағат тұрған соң "саяжайда қонамыз" деп шешім қабылдадық. Таңғы 5-те жолға шықтық. Себебі, маған жұмысқа бару керек еді. 2 сағатта қалаға жетеміз деп ойладық. Бірақ қазір сағат 10:15, әлі көлік кептелесінде тұрмыз. Мұнда тұрғанымызға 6 сағат болды", - дейді тұрғын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty) 24 Май 2020 в 8:20 PDT
Ол шыдамы таусылған соң, бекетке жаяу барғанын айтады.
"Мен көліктен шығып, бекетке жаяу бардым. Күйеуім көлікте қалды. Оның кептелісте қанша сағат тұратынын білмеймін. Балаларды әпкесі және ағасымен бірге саяжайда қалдырдық. Олардың үйге қалай жететініне уайымдап тұрмын", - дейді Маргарита Говорухина.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official) 24 Май 2020 в 8:24 PDT
Қалаға кіреберістегі жолдан көлік кептелісін жиі көруге болады.
Показать комментарии
Читайте также