ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2021 | 15:30
Алматы тұрғындары коронавирусты қайда жиі жұқтырады?
Алматы әкімдігі тұрғындар коронавирус инфекциясын жиі жұқтыратын жерлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі тұрғындар коронавирус инфекциясын жиі жұқтыратын жерлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өткен аптада Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,2 есеге - 5 483 жағдайдан 6 818-ге дейін артты. Тәуліктік өсім 1,3 пайызға жетті. Туыстары және көршілерімен байланыс кезінде инфекция жұқтыру саны 0,2-0,4 пайызға артты. Азық-түлік емес дүкендерде инфекция таралуы жағдайларының саны 0,1 пайызға және қоғамдық тамақтану нысандары - мейрамханаларда, дәмханаларда және асханаларда - 0,2 пайызға, моншалар мен сауналарда - 0,4 пайызға өскен.
Жалпы, санитарлық қызмет статистикасы бойынша кейінгі жеті күнде коронавирус жұқтыру негізінен сауда нысандарында - 35 пайыз, отбасындағы байланыстар - 19 пайыз, қоғамдық көлікте - 16 пайыз, базарларда - 14 пайыз, саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған көшелерде, демалыс орындарында - 3,6 пайыз тіркелген.
Коронавирус: 20-40 жас аралығындағы жастар арасында басым - 38 пайыз, 40-59 жастағы тұрғындар - 25 пайыз және 60-тан асқан адамдар - 20 пайыз. Басқа жастағы адамдар арасында іс жүзінде көрсеткіш өзгеріссіз.
Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері карантинді бұзу бойынша 39 жағдай анықталған. Көбінесе карантин жұмыс режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтын ойын-сауық орындарында бұзылады.
Айта кетейік, өткен тәулікте Алматыда коронавирусты жұқтырудың 1 219 жағдайы анықталды. Осылайша, жыл басынан бері коронавирустың 72 696 жағдайы тіркелген, ал айдың басынан 25 шілдеге дейін - 16 911 жағдай.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также