ПОДЕЛИТЬСЯ
01 желтоқсан 2022 | 13:05
Алматы тұрғындары краннан аққан лай суға шағымданды
Алматы тұрғындары краннан аққан лай суға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғындары краннан аққан лай суға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоны "Қайрат" шағынауданының тұрғыны Риза Тұрдақынқызы Facebook желісінде жариялады.
"Алматы қаласы Түрксіб ауданы Қайрат ықшамауданының 21, 22, 23, 24 көшелеріндегі үйлерде осындай су ағып тұр. Аудан әкімі Бақытжан Ақжаровқа сәлем жолдаймыз! Бұл ауызсу! Бұл суды ішу керек пе әлде у ма? Бұл су құбыры жұмыс істегеннен гөрі апат жиі болып тұрады. Қайда шағымданамыз, Ақордаға ма?" - дейді Риза Тұрдақынқызы.
"Алматы су" коммуналдық кәсіпорны мәліметінше, төтенше жағдай орнына себебін анықтайтын жедел бригада аттанған. "Алматы су" кәсіпорнының өкілі Серік Шағыровтың айтуынша, бүгін желілерде құбырлар жуылады.
"Былтыр "Қайрат" ықшамауданында жаңа су құбыры тартылды. Қазір үйлерді су құбырына қосу процесі жүріп жатыр. Кейде желілерде апаттар болып жатады, содан кейін құбырлар міндетті түрде жуылады", - деп жазды Шағыров.
Қазір тұрғындардың айтуынша, су жартылай тазарып келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также