Алматы тұрғындарына электрсамокаттарға қатысты үндеу жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы тұрғындарына электрсамокаттарға қатысты үндеу жасалды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы полициясы азаматтардан қыс мезгілінде электрсамокат сияқты шағын мобильді көліктерді пайдалануды шектеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы азаматтардан қыс мезгілінде электрсамокат сияқты шағын мобильді көліктерді пайдалануды шектеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, бұл электрсамокат пайдаланушылары үшін де, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін де қауіпті болуы мүмкін.

"Алматы қаласының полицейлері осы көлікті қыс мезгілінде пайдаланбауға кеңес береді, өйткені ол жаңбыр мен қарда пайдалануға жарамайды. Сонымен қатар, бұл құрылғылар жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді", - дейді полицейлер.

Жарнама
Жарнама

Бұл ретте полицейлер қазіргі уақытта заңнамада мұндай құрылғыларды қыста пайдалануға ресми түрде шектеу қойылмағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама