26 шілде 2023 | 09:04

Алматы тұрғыны көшелердегі жөндеу жұмыстарының сапасына шағымданды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Алматы-1" ауданының тұрғыны жолдардың сапасыз жөнделіп жатқанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы-1" ауданының тұрғыны жолдардың сапасыз жөнделіп жатқанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Редакциямызға аудан тұрғыны шағымданды. Оның айтуынша, Буденный және Стахановская көшелерінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары шамамен 10 жыл бұрын жүргізілген және жолдарда тек кәріз құдықтары қазылған жерде ғана шұңқырлар болған. Қазір жолды жамаған асфальттардың кесірінен тағы бір шұңқырлар пайда болды.

Реклама
Реклама

"Шұңқырларды жөндеудің жаңа әдісі. Егер шұңқырлар болмаса, оларды жөндеу керек емес. Олар асфальт қалыпты жерде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Құрылғы тікелей тегіс сызық бойымен қозғалады, сосын жолдың бір қабаты алынып тасталады. Тегіс сызықта шұңқырлар болмайды. Олар көп қаражат жұмсағысы келетін сияқты", - деді қала тұрғыны.

Алматы әкімдігінің суреті

Алматы әкімдігі қала тұрғынының шағымына қатысты Шымкент және Декабристов, Стахановская және Станкевич көшелерінің квадратындағы тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша қазіргі уақытта Түрксіб ауданы әкімі аппараты қызметтерінің күшімен шұңқырлы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы мәлімдеді. Жұмыс қыркүйек айына дейін аяқталуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная