04 қазан 2021 | 13:05

Алматы тұрғыны қымбат автомобильдерді жедел жәрдем көлігіне айналдырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматылық кәсіпкер Айғаным Егзекова үш жылдан бері автомобильдерді медициналық көліктерге айналдырып жүр. Осы уақыт ішінде ол Cadillac Escalade, Mercedes Gelandewagen, Toyota Land Cruiser, Chevrolet Suburban және басқа да автокөліктерден жедел жәрдем көліктерін құрастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық кәсіпкер Айғаным Егзекова үш жылдан бері автомобильдерді медициналық көліктерге айналдырып жүр. Осы уақыт ішінде ол Cadillac Escalade, Mercedes Gelandewagen, Toyota Land Cruiser, Chevrolet Suburban және басқа да автокөліктерден жедел жәрдем көліктерін құрастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2014 жылы Алматы қаласының тұрғыны Айғаным Егзекова компания құрып, денсаулық сақтау саласымен айналыса бастады. Алғашында медициналық техника шетелден жеткізілді, кейін емханаларды жабдықтау қосылды. Тапсырыстар арасында медициналық құрылғылармен жабдықталған жедел жәрдем көліктері де болды. Мұндай автокөліктер әуелі Ресейден жеткізіледі екен, Егзекова бұдан кейін Қазақстанда осындай кәсіпорын ашуды ұйғарған.

"Біз өз елімізде өнімдерді Ресейден жеткізілгендерден де жақсы сапада жасай алатынымызды түсіндік. Сондықтан 2018 жылдан бастап жылдам фургондарға арналған стандартты қайта жабдықтадық. Mercedes-Benz Sprinter, Ford Transit, ГАЗель секілді көліктер тізімді кеңейте түстік, енді біз LADA Largus жылжымалы емханасы мен жолаушыға арналған автокөлікті, ауыр жүк көтеретін КамАЗды жабдықтай аламыз.

Реклама
Реклама

Кәсіпкердің айтуынша, оның компаниясында жұмысқа қажет барлық лицензия, рұқсат, сертификат бар.

"Бір жекеменшік емхана жедел жәрдем көлігін Chevrolet Suburban-ға ауыстырғысы келді. Бізде ол болған жоқ. Сондықтан Cadillac Escalade-тен жасап шығаруды ұсындық. Бірақ тұтынушылар тек Suburban-ға қызықты. Ресей президенті осы көлікпен жүреді. Әйтеуір осы тапсырысты орындап бедік. Suburban-мен басталған бұл тәжірибе жұмысымыздың алғашқы қадамы еді", - деді кәсіпкер.

Енді ол аптасына 20 көлікті жедел жәрдем машинасына айналдыра алады. Бірақ тапсырыстар көбіне жеке клиникалардан келеді екен, сондықтан кәсіпорынның потенциалы толық пайдаланылмайды. Айғаным Егзекова мемлекеттік медициналық ұйымдарға тапсырыс орындауға дайын, себебі оның компаниясы қымбат көліктерден басқа, жедел жәрдемге арналған бюджеттік автокөліктерді де қайта жабдықтай алады.

Айта кетейік, бұған дейін Айғаным Егзекованың компаниясы жедел жәрдем көлігі үшін Mercedes Gelandewagen жол талғамайтын көлігін қайта жасаған. Енді бұл автокөлікті мемлекеттік құрылымға кіретін компаниялардың бірі қолданады. Кәсіпкердің айтуынша, тапсырыс берушіге ұнаған, өйткені мамандар оның тілегін орындап қана қоймай, пайдалы тұстарын да қосты.

"Бізге Mercedes V атты қымбат, шағын автокөлікті жедел жәрдем көлігіне жабдықтауға тапсырыс түсті. Біздің жігіттер көлікті жөндеп, ішін алып тастағанда жыларман болды. Өйткені біз терезелер мен люктерді алып тастаған едік. Кәдімгі автокөлік қаптамасы жарамайды, сондықтан оны алып тастап, ауыстырады, өйткені ол дезинфекциялаушы заттар мен химиялық заттарға төзімді болуы керек. Біз өзімізді қазақстандық "ірі автокөлік өндірушілерінің бодибилдерлері" деп атаймыз", - деп қосты кәсіпкер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная