Алматы тұрғыны тікелей эфирде Сағынтаевқа той өтетінін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы тұрғыны тікелей эфирде Сағынтаевқа той өтетінін айтты Видеодан алынған

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының сұрағына тікелей эфирде жауап берді. Эфир кезінде қала әкіміне күтпеген сауал қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының сұрағына тікелей эфирде жауап берді. Эфир кезінде қала әкіміне күтпеген сауал қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде тұрғындардың бірі жақын арада қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтетінін айтты. Оның айтуынша, Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шектеулеріне қарамастан ұйымдастырылып жатқан отбасылық мерекені болдырмау керек.

"Сізге 14 тамызда Момышұлы көшесіндегі "Керемет" мейрамханасында той болатынын айтайын деген едім. Мемлекеттік органдар оны болдымрауға шара қолдана ала ма? Соны білгім келеді. Себебі, қаладағы эпидахуал қандай екені бәрімізге белгілі", - деп сұрады тұрғын Алматы әкімінен.

Жарнама
Жарнама

"Жақсы, біз осы мейрамханаға мониторинг тобын жібереміз және мерекені кім және қашан өткізуді жоспарлап жатқанын анықтаймыз", - деп жауап берді Сағынтаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама