ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 желтоқсан 2022 11:13
Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді
Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шара жүргізді.
ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді. Бұл дерек расталды.
Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша тіркелді. Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу