Алматы урбанистика басқармасы экс-басшысын қамауға алу мерзімі ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:almaty.uaig.kz

Алматы урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі қамауға алу мерзімі ұзартылғанын растады.

"Алматы урбанистика басқармасының бұрынғы басшысына қатысты бұлтартпау шарасы өзгерген жоқ. Қамау мерзімі ұзартылды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Антикор.

Реклама
Реклама

Скриншот/Жоғарғы сот сайтынан

Еске сала кетейік, бастапқыда Ахмеджанов 16 қыркүйекке дейін қамауға алынған. Кейін қамауға алу мерзімі бір айға, қазанға дейін ұзартылды. Енді қамауға алу мерзімі 16 қарашаға дейін ұзартылған.

Айта кетейік, Жоғарғы Соттың Сот кеңсесі мәліметінше, іс 9 қазанда Алматы қаласының тергеу сотында қаралған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама