Алматы зообағында шимпанзе тордан қашып кетті: бір бала жарақат алды

Фото:instagram.com/almatyzoo

Алматы зообағында төтенше оқиға болды - шимпанзе тордан шығып, әйелді итеріп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зообақ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы зообағында төтенше оқиға болды - шимпанзе тордан шығып, әйелді итеріп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зообақ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Приматтар" бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде, арнайы темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кеткені айтылады.

"Өз аумағынан шығып кеткендіктер, стресс жағдайына ұшыраған шимпанзе жүгіріп келе жатып әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзе вольерге кіргізілгені хабарланды.

"Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын", - деді зообақ баспасөз қызметіндегілер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная