Алматыда 1-курс студенті “сессияны тапсыра алмай“ қайғылы жағдайға ұшырағаны туралы хабарлама тарады

Алматыда 1-курс студенті “сессияны тапсыра алмай“ қайғылы жағдайға ұшырағаны туралы хабарлама тарады Оқырман жолдаған фото

Алматыдағы жоғары оқу орындары бірінің студенті өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты қаладағы оқу орнының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы жоғары оқу орындары бірінің студенті өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты қаладағы оқу орнының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламалар

Кеше мессенджерлерде белгісіз жас жігіттің сессия тапсыра алмағандықтан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ чаттарда биіктен бір емес, екі студенттің секіріп кеткені туралы мәліметтер болды. Алайда бұл ақпарат расталмады.

Жарнама
Жарнама

Біз жағдайға байланысты пікір алу үшін тиісті министрліктің баспасөз қызметіне, қалалық полицияға және университеттің баспасөз қызметіне жүгіндік.

"Сегізінші қабаттан құлап кеткен"

Алматыдағы ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда таңғы сағат 9 шамасында бірінші курс студенті сегізінші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Жас жігіттің грантта оқығаны белгілі болды.

Университет психологиялық қолдау қызметінің мәліметі бойынша, оқу жылы ішінде студент психологиялық көмекке жүгінбеген және мамандардың есебінде тұрмаған.

"Оның психологиялық жағдайына қатысты ешқандай шағым немесе белгі түспеген. Оқытушылардың айтуынша, студент жақсы оқыған және тәртіптік ескертулері болмаған", - деді баспасөз қызметі.

Университет басшылығы қаза тапқан студенттің отбасымен кездесіп, қайғыға ортақтасып көңіл айтқаны және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізгені хабарланды.

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша құзыретті органдар тексеру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Tengrinews.kz редакциясы Алматы полиция департаментіне пікір алу үшін сауал жолдады. Материал жарияланған уақытта жауап келген жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама