Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда 16 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) тегін жүре алады", - делінген хабарламада.

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда тойланады, ол 1949 жылғы қарашада бекітілген.

Жарнама
Жарнама

Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың өз пікірін еркін айтуына, білім алу құқықтары сақталуына, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-ана да мемлекет секілді балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама