ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 қазан 2025 16:17
Алматыда 10 көшенің қиылысында жаңа жол белгісі пайда болды
Алматыда қауіпсіздікті арттырып, кептелісті азайту мақсатында жол қозғалысын реттеудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаладағы 10 көшенің қиылысында "вафель" жол белгісі салынды. Арнайы жол торы қиылыстың реттелетін аймағын көрсетіп, жүргізушілердің кептеліс кезінде жолды бөгеп қалуының алдын алады.
Белгі қаладағы мына қиылыстарда пайда болды:
- Абай даңғылы - Назарбаев даңғылы;
- Абай даңғылы - Масанчи көшесі;
- Абай даңғылы - Брусиловский көшесі;
- Абай даңғылы - Момышұлы көшесі;
- Абай даңғылы - Тұрғыт Озал көшесі;
- Абылай хан даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі;
- Сәтбаев көшесі - Наурызбай батыр көшесі;
- Сәтбаев көшесі - Жароков көшесі;
- Жандосов көшесі - Жароков көшесі;
- Розыбакиев көшесі - Төле би көшесі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу