14 сәуір 2020 | 12:34

Алматыда 116 дәрігер COVID-19 жұқтырған, екеуінің жағдайы ауыр

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда 174 адам коронавирус жұқтырған.

Реклама
Реклама

"Олардың 58-і науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, біреуі балалар жұқпалы клиникалық аурухананың қызметкері, Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкері, жедел жәрдем қызметінің екі қызметкері, N 32 қалалық емхананың бір қызметкері, N1 қалалық клиникалық аурухананың қызметкері вирус жұқтырған", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 346 адамнан коронавирус анықталды. Олардың алтауы - балалар, үшеуі - жүкті әйелдер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная