Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады Фото: elements.envato.com

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Болжам бойынша, Алматыда алғашқы қысқы жауын-шашын ертең, 13 қарашада түседі.

"Фронтальды бөліктердің шиеленісуіне байланысты Алматы облысы мен Алматыда 13 қарашаға қараған түні қар жауады. Күндіз кей жерлерде жауын-шашын болады. 

14 қарашада күндіз кей жерлерде жауын-шашын түсіп, қар жауады.

15 қарашада түнде кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отырмыз", - деді синоптик Дәулет Қисебаев.

Реклама
Реклама

Синоптиктің айтуынша, бұл биылғы Алматыда жауатын алғашқы қалың қар болмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама