18 мамыр 2020 16:30

Алматыда 13 мыңнан аса адам үйдегі карантинде жатыр

© Әлихан Сариев

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1848 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бүгінде вирус жұқтырған науқастардың жай-күйі 2-уінде – аса ауыр, 22 адамда – ауыр, 296 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық. Мегаполисте коронавирустан айыққандар саны - 910 адам, тағы 50 науқас емдеуден шығарылды. Қаланың жұқпалы аурулар стационарларында 929 пациент ем алуда,
оның ішінде 40 бала", - деді Әбілдаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оның айтуынша,  провизорлық госпитальдарда 251 адам емделуде, оның ішінде 6-уы бала, карантиндік оқшаулауда 260 адам және үй карантинінде 13087 алматылық жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 6440-қа жетті, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram