Алматыда 14 мамырда сирена қосылады: не істеу керек?

Алматыда 14 мамырда сирена қосылады: не істеу керек? Фото:depositphotos.com

Алматыда бейсенбі, 14 мамырда құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда бейсенбі, 14 мамырда құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 14 мамыр күні сағат 11:00-де Алматыда сиреналар іске қосылады: жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі.

"Сейсмикалық жаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-сөйлеу қондырғыларын қосу, телерадиоарналарды қамту, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жолымен қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылады", - деп хабарлады ТЖД.

Жарнама
Жарнама

Дабыл кезіндегі іс-қимылдар

Дыбыстық сигналдан кейін Алматы тұрғындарына теледидарды, радионы қосу немесе ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларды тексеру қажет. Онда іс-қимылдар бойынша нұсқаулықтар жарияланады.

Жаттығуға дайындық

Алматылықтарға алдын ала "дабыл жиынтығын" дайындап, жақын маңдағы қауіпсіз орынға баратын бағытты анықтауға кеңес беріледі. Ғимараттар мен коммуникациялар жоқ ашық аумақ ең қауіпсіз аймақ болып саналады.

Өткізілетін қалалық сейсмикалық жаттығу - жоспарлы шара, сондықтан ТЖД азаматтардан сабыр сақтап, жаттығуға белсенді қатысуды сұрады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама