25 ақпан 2021 | 09:11

Алматыда 15-20 сантиметр қар түсті

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда ауа райы күрт өзгерді. Сағат 06.00-ге дейін қалада 15-20 сантиметр, таулы және тау бөктерінде 25-35 сантиметр қар түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауа райы күрт өзгерді. Сағат 06.00-ге дейін қалада 15-20 сантиметр, таулы және тау бөктерінде 25-35 сантиметр қар түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қардан бөлек Алматыда температура 10 градусқа дейін төмендеді.

"Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды.

Қар тазалау жұмысына 560 техника, оның ішінде 211 құмлақтырғыш пен 1490 жол жұмысшысы жұмылды. Көктайғаққа қарсы 3 540 тонна материал пайдаланылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

03.00-ден бастап қар күреу үшін колонналар ұйымдастырылды, олармен жол полициясы патрульдік көліктері еріп жүрді.

"Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қар тазалау басталды, таңертеңгі қарбалас уақыттан соң қарды сыртқа шығару жоспарланған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған", - делінген әкімдік хабарласында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram