09 желтоқсан 2020 17:22

Алматыда 15 желтоқсаннан бастап карантин күшейтіле ме? Бекшин жауап берді

© Тұрар Қазанғапов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 15 желтоқсаннан бастап карантинді күшейту туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 15 желтоқсаннан бастап карантинді күшейту туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығы азаматтардың эпидемиологиялық ережелерді сақтауына байланысты. Егер маска режимі мен қашық сақталмаса, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, онда біз шараларды қатаңдатуға мәжбүр боламыз. Бірақ 15-14 желтоқсанда карантин қатаңдатылады деген әңгіме болған жоқ. Бұл біздің бірлескен жұмысымызға - билік пен халыққа байланысты. Иә, шаршадық, бірақ шараларды сақтау керек", - деді Бекшин.

Реклама
Реклама

"Жағдай күрделене түсті": Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Алматының "сары" аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің 8 желтоқсандағы деректері бойынша Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Барлық қалған өңір "жасыл" аймақта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram