ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2020 | 23:03
Алматыда 15 медициналық қызметкер COVID-19 жұқтырған
Алматыда 15 медициналық қызметкер КВИ жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 15 медициналық қызметкер КВИ жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап.
Алматы қаласында 12 сәуірде COVID-19 жұқтырған 15 медициналық қызметкер анықталды, оның ішінде бір жүкті әйел бар.
Олардың арасында дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер және басқалары бар.
Екі адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланады. Қалғандарының жағдайы - қанағаттанарлық.
Екі күн ішінде дәрігерлер арасында 27 жұқтыру оқиғасы анықталды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также